Мазмұнға өту

6. Сайт мәтінді қалай оқиды

Әр жарияланған шығарманың жанында бес жұлдызша тұрады — «Редакция бағасы». Оны сайт ЖИ көмегімен қояды: шығарманың барлық бөлімі оқылады, бірінші бөлімге ерекше мән беріледі.

Баға кәсіби әдебиеттің емес, веб-новелланың өлшемімен қойылады: оқырманды ұстай ма, келесі бөлімге қызықтыра ма, оқиғаның ішіне енгізе ме. Жұлдызшаларды телефондағы қосымшалар дүкеніндегідей оқы: 4 — жақсы, 3 — орташа, 5 — басқаларға ұсынғың келетін сирек шығарма.

Сегіз бағыт

Бағыт Не қаралады 3 5
Тіл сауаттылық, табиғи қазақ тілі (калька емес), диалогтың рәсімделуі қателер көрінеді, бірақ оқылады таза, тірі тіл
Сюжет оқиғаның алға жылжуы мен қарқыны; әр бөлім оқырманға бір нәрсе бере ме; жанр уәдесін орындай ма оқиға түсінікті, бірақ созылып кетеді не ештеңе бермейді бір көріністен келесісіне ұмтыласың
Кейіпкерлер бас кейіпкер өзі қалай ма, әрекет ете ме, таңдай ма; басқалардың өз дауысы бар ма түсінікті, бірақ жалпақ не енжар кейіпкер үшін уайымдайсың, оны есіңде сақтайсың
Баяндау оқырман оқиғаға ене ме: көрініс пен сезім сезіле ме, диалог тірі ме көрініс бар, бірақ сезім аталады, көрсетілмейді мәтінді байқамайсың, бәрін кейіпкермен бірге бастан кешесің
Құрылым абзацтар, көріністердің бөлінуі, телефоннан оқуға ыңғайлылығы, бөлімдердің байланысы абзац бар, бірақ кей жері ауыр оқылады көріністер мен бөлімдердің ырғағы ойластырылған
Идея идея тартымды әрі түсінікті ме; таныс сюжет үлгісінде өз бұрылысың бар ма таныс жол, өзіңдікі жоқ идеяны досыңа айтып бергің келеді
Басталуы тек бірінші бөлімде: алғашқы абзацтар бірден ұстай ма, кімнің оқиғасы, не қатерде екені көріне ме қызығушылық бірден оянбайды бірінші жолдардан тоқтай алмайсың
Соңы әр бөлімнің соңы келесісін оқытады ма — сұрақ, қауіп, жаңалық; аяқталған шығармада — финал соңы тегіс, әрі тартатын ештеңе жоқ келесі бөлімді бірден ашасың, не финал есте қалады

Әр бағыт бөлек бағаланады: күшті жағың әлсіз жағыңды көтермейді, әлсізі күштісін түсірмейді.

Таза жазылған мәтінді де не түсіреді

Сауатты, ұқыпты мәтін — әлі 5 емес. Бағаны түсіретіндер:

  • Бірсарынды ырғақ. Сөйлемдердің бәрі бір ұзындықта, бәрі бір етістікпен бітеді («еді», «екен»), әр көрініс бір қысқа жолмен жабылады.
  • Бір дауыс. Кейіпкерлердің бәрі бірдей сөйлейді — қысқа, жұмбақ, «дана».
  • Жауапсыз жұмбақтар. Кейіпкердің сұрағына бәрі «білмеймін» дейді, оқырман орнына ештеңе алмайды.
  • Енжар кейіпкер. Оған қайда бару керегін айтады, ол сұрайды да үндемейді; өзі қаламайды, дауласпайды, таңдамайды.
  • Жасырылған сезім. Үрей не қайғы көрінісі салқын, тегіс оқылады.
  • Тежеу. Естеліктер бірінен соң бірі келіп, оқиғаны тоқтатады; кейіпкер жаңа ештеңесіз ары-бері жүреді.

Тәсіл өз алдына баға әкелмейді. Сезімді деталь арқылы көрсету, күшті бірінші сөйлем, бөлім соңындағы ілгек — тәсілдер. Олар бар, бірақ оқу қызық болмаса, баға 5 болмайды.

Бағаға не әсер етпейді

  • Бөлімнің және шығарманың ұзындығы.
  • Оқырмандардың саны мен реакциялары.
  • Автордың жаңадан бастағаны, шығарманың бір ғана бөлімі бар екені.
  • Жанрдың таныс сюжет үлгілері: олар — қалыпты нәрсе, бағаланатыны — оны қалай орындағаның.

Мұқабасы не аннотациясы жоқ шығарманың бағасы сәл төмен болады.

Бағамен не істеуге болады

  • Жаңа не түзетілген бөлім жарияланған соң баға қайта есептеледі — бірнеше күннен кейін.
  • Студияда әр бағыттың бағасын көресің, баға төмен болса — осы шығармаға арналған кеңесті де.
  • Бағаны оқырмандардан жасыруға болады.
  • Бағамен келіспесең, Ережелердегі байланыс арқылы жаз: шығарманы қайта оқытып, бағаны қайта есептеуге болады.

Нақты шектер мен баптаулар — сайттағы Ережелердің «Редакция бағасы» тармағында.

Баға — сенің талантыңа үкім емес. Бұл — бір оқырманның көзі: мәтінің бүгін оқырманға қалай жетіп тұрғанын көрсетеді.