Мазмұнға өту

21. Тексеру тізімдері

Шығарманы бастамас бұрын

  • Идеямды бір сөйлеммен айта аламын: кейіпкер, қалау, кедергі, ерекше нәрсе (7)
  • Басты сұрақты білемін (8)
  • Соңын шамамен білемін (19)
  • Бірінші кезеңнің шарықтау шегін білемін (8, 11)
  • Бас кейіпкердің қалауы, қажеттілігі мен кемшілігі бар (12)
  • Қарсыластың өз мақсаты бар (12)
  • Басты жанрым мен оның уәдесін білемін (17)
  • Ерекше күштің шегі мен бағасы бар (16)
  • Әлем дәптерін аштым (16)
  • Бірнеше бөлім жазылып, қорда тұр (19)
  • Атау, аннотация, мұқаба, тегтер дайын (8)

Бірінші бөлімді жібермес бұрын

  • Бірінші абзацта бір нәрсе болады (7)
  • Кімнің оқиғасы екені және не қатерде тұрғаны көрінеді (7)
  • Оянумен, ауа райымен, әлем тарихымен басталмайды (7)
  • Кейіпкерлер тізімі мен әлем туралы дәріс жоқ (7, 16)
  • Оқырман кейіпкерді неге жақсы көретіні түсінікті (12)
  • Соңында ілгек бар (7)

Әр бөлімді жібермес бұрын

Оқиға

  • Бөлімде бір нәрсе өзгереді (8)
  • Оқырман сый алады (7)
  • Соңында ілгек бар (7)
  • Тоқырау созылып кеткен жоқ (7)

Көріністер

  • Әр көріністің мақсаты, тартысы, нәтижесі бар (13)
  • Көрініс кеш басталып, ерте бітеді (13)
  • Бір көріністе — бір бас (15)
  • Сезім аталмай, көрсетіледі (13)

Диалог

  • Әр диалог оқиғаны жылжытады, кейіпкерді ашады не тартысты көрсетеді (14)
  • Артық сәлемдесу мен «өзің білесің ғой» жоқ (14)
  • Есімдерді жапсам да, кім сөйлеп тұрғаны танылады (12, 14)

Тіл

  • Калька, кеңсе тілі, штамп жоқ (18)
  • Ырғақ бірсарынды емес — дауыстап оқыдым (15, 18)
  • Емле мен тыныс белгілерін тексердім (18)
  • Сызықша «—», тырнақша «» (14)

Ереже

  • Мәтін — қазақ тілінде, сюжетті проза (5)
  • 16+ шегінен шықпайды (5)
  • ЖИ едәуір көмектессе, белгі қойылған (5)

Кезең біткенде

  • Кезеңнің мақсаты шешілді: оқырман үлкен сый алды (8)
  • Кейіпкер бір қадам өзгерді (12)
  • Басты сұрақ әлі ашық (8)
  • Келесі кезеңнің қатері үлкенірек (8)
  • Әлем дәптерін жаңарттым (16)

Шығарма біткенде

  • Финал басты сұраққа жауап береді (8)
  • Басты желілер түйісті (8)
  • Кейіпкердің өзгерісі көрінеді (10, 12)
  • Шығарма «аяқталды» деп белгіленді (8)